Ссылки доступа

Телефоннан бас алмаған бойжеткен сауда орталығының сөресін қиратты


Бішкекте телефонына үңілген қыз байқамай басымен сауда орталығындағы әйнек сөрені сындырды.

Жедел жәрдем орталығының дерегінше, оқиға 26 мамырда, «Red Center» сауда орталығында болған. Жарақат алған қыз Ұлттық госпитальға жатқызылды.

Соңғы дерек бойынша, әйнек сынықтары қыздың қолы мен аяғын жаралаған.

Мұндай оқиға республикада бірінші рет орын алды. Дегенмен әлемнің басқа елдерінде мұндай жайттар жиі кездеседі және техногенді дәуірдің белгісі саналады.

XS
SM
MD
LG