Ссылки доступа

Ресей шенеунігі балалар порнографиясын таратқаны үшін ұсталған


Великий Новгород әкімшілігі басшысының орынбасары, 44 жастағы Вадим Фадеев бейсенбі күні таңертең әкімшілік ғимаратында балалар порнорафиясын таратты деген күдікпен ұсталды. Қазір оның жұмыс бөлмесінде тінту жүріп жатыр.

Новгород облысы ішкі істер басқармасы баспасөз орталығының мәліметінше, Фадеевке Қылмыстық кодекстің "Порнографиялық материалдарды және заттарды заңсыз дайындау және тарату" деген 242-бабы бойынша іс қозғалған.

"Новгород.ру" қалалық порталдың жазуынша, прокуратура 2015 жылдың желтоқсанынан бері шенеунікті күдікке алған. Әкім орынбасары жарты жыл бойында бүркеншік атпен әлеуметтік желілерге балалардың қатысуымен порнографиялық материалдарды (бейнебаян) жариялап келген.

Фадеев 2014 жылдан бері қаланың әкімшілік комитетінде білім, жастар саясатын, спорт істеріне жетекшілік етіп келген. Ол шенеунік болғанға дейін Новгород мемлекетік университетін "тарих және әлеуметтік-саяси тәртіп оқытушысы" мамандығы бойынша аяқтаған.

Шенеунік әзірге күдіктілердің қатарында. Ал қала мэрі мен Фадеевтің өзі әзірге түсініктеме берген жоқ.

XS
SM
MD
LG