Ссылки доступа

ҰҚШҰ қылмыстық қатерлерге қарсы бірігіп күреспек


Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) терроризм мен экстремизммен және жаңа қылмыстық қауіптермен күрес жөнінде келісімге қол қояды деп хабарлайды ТАСС.

Бейсенбіде Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік келісім шартына мүше-елдердің ішкі істер министрлерінің кездесуі өтті. Жиын қорытындысы бойынша, ұйымға мүше елдердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жаңа күштерге бірігіп қарсы тұру туралы келісімге қол жеткізген.

Олардың ішінде терроризм, халықаралық қылмыс, есірткі тасымалы, адам саудасы, жаппай тәртіпсіздік және құқықтық тәртіпке, азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төнетін өзге де әрекеттер кіреді.

ҰҚШҰ-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері мүше.

XS
SM
MD
LG