Ссылки доступа

G7 Ресейге қарсы санкцияны ұзартуға уағдаласты


"Үлкен жетілік" елдерінің лидерлері Минск келісімі толық орындалмайынша, қолданыстағы санкциялар күшінде қалуы керек деп есептейді.

"Үлкен жетілік" елдері Украина шиеленісіндегі "рөлі" үшін Ресейге батыс елдері салған санкцияны ұзартуға келісті. Бұл жөнінде Жапонияда өткен "үлкен жетілік" саммитінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мәлімдеді.

Саммит мәлімдемесінде "жетілік" елдер Қырымның заңсыз аннексияланғанын айыптайтындары және Қырымның Ресейге қосылуы жөніндегі референдум қорытындысын мойындамайтын саясатты жалғастыра беретіндіктері айтылған.

"Жетілік" лидерлері сонымен бірге Украинадағы шиеленіске қатысты барлық тараптар нақты шешімге келіп, ұрыс аймағындағы соғысты тоқтатуға шақырды.

Еуропалық одақтың Ресейге қатысты санкция мерзімі үстіміздегі жылдың шілдесінде аяқталады.

XS
SM
MD
LG