Ссылки доступа

Тәжік шекарасы арқылы жүк көлігін өткізу жеңілдетілді


Тәжікстанның көлік министрлігі Өзбекстан, Ауғанстан, Қырғызстан және Қытайдан келетін жүк көліктерінің елге кіруде болатын кедергілерді болдырмас үшін кеденге ақпараттық-коммуникациялық жүйе енгізді.

Тәжікстанның көлік министрлігінің жер үсті көлігі департаментінің басшысы Курбонхон Саидов ақпараттық-коммуникациялық жүйе көліктегі жүктер туралы мәліметтерді алдын ала жіберуге мүмкіндік береді, бұл көлікті тексеруді қысқартады деп хабарлайды.

Ол аталған жобаны көрші Өзбекстан, Қытай және Ауғанстан елдері де талқылап жатқанын айтты.

Жүк көлігінің жүргізушілері үш айға созылатын сапарларында Өзбекстан шекарасын қиып өту үшін жолда үш күн тұратынын айтып, шығымданған.

Транзит тәртібіне сәйкес, тәжік жүк көлігінің жүргізушілері Өзбекстан аумағын үш күннің ішінде тастап шығуы қажет. Қырғыз жүргізушілері болса, бұл елде бес тәулікке дейін жүре алады. Ал ресейлік жүргізушілердің Өзбекстанда бір айға дейін қалуға рұқсаты бар. Қысқа мерзім мен Өзбекстанға баратын алыс жол тәжік жүргізушілеріне үлкен қиындық туғызып отыр.

XS
SM
MD
LG