Ссылки доступа

Өзбекстан ШЫҰ үшін 50 Cadillac көлігін сатып алған


Тәшкентке бірер күн бұрын сужаңа 50 Cadillac 4 Coach Higer микроавтобусы әкелінген.

Ca-News Тәшкентте өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) саммитіне келетін қонақтарға қызмет етуге арналған жаңа көліктердің суреттері мен құжаттарын жариялаған әлеуметтік желі қолданушыларына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желі қолданушылардың бірі ШЫҰ мүше елдердің мемлекет басшыларының кеңесіне дайындық жүргізу мен өткізуге арналған көліктердің саны жөнінде құжаттардың суретін жариялаған.

Қолданушылардың жазуынша, Тәшкентке 50 сужаңа Cadillac жеңіл көлігі мен 4 Coach Higer микроавтобусы әкелінген.

Еске сала кетейік, ШЫҰ саммиті үстіміздегі жылдың 23-24 маусымында Тәшкент қаласында өтеді.


XS
SM
MD
LG