Ссылки доступа

Өзбек зейнеткерлерін ақшаларын төлем карталарына аударуға мәжбүрлеуде


Өзбекстанның Зейнетақы қоры бөлімдерінің қызметкерлері зейнеткерлерге қажет болған мәліметтерді зейнетақыларының бір бөлігін пластик карталарына аударуға келіскен жағдайда ғана береді.

Ташкентте тұратын зейнеткер Лариса Кузнецова қазіргідей елде қолма-қол ақша аса тапшы боп тұрған кезде, бұрын да шекелері қызбаған зейнеткерлердің ең аз қорғалған әлеуметтік топқа айналғанын айтады.

-Бізге қолма-қол ақша керек. Біз базарға барып, ең арзн көкөніс сатып аламыз. Егер азық-түлікті пластик карталарымен дүкендерден сатып алсақ,бұл бізге 20-30 есе қымбатқа түседі. Үкімет азаматтарының зейнетақысына тиіспегені дұрыс еді, – дейді 65 жастағы зейнеткер Кузнецова.

Өзбекстанда ақша тапшылығынан әкімшілік басшылары арнайы штабтар құрып, қызметкерлеріне зейнеткерлердің зейнетақысының кемінде 30 пайызын «ерікті түрде» төлем карталарына аударту туралы ауызша нұсқау беруге мәжбүр.

XS
SM
MD
LG