Ссылки доступа

ИМ содырлары Сирияның шекаралас аудандарында шабуылға көшті


Сирияның солтүстігінде "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының содырлары оппозиция күштерінің бақылауындағы қалаларға шабуыл жасауда.

Адам құқығы бұзылуын қадағалау жөніндегі Сириялық мониторинг орталығының дерегінше, екі күн бұрын "жихадшылар" Түркиямен шекаралас Мареа және Азаз қалаларына шабуыл жасаған.

Жексенбі күні Мареа қаласы мен Азаз іргесіндегі екі ауыл маңында кескілескен ұрыстар жалғасты. Мареа мен оның төңірегінен алты мыңға жуық бейбіт тұрғын бас сауғалауға мәжбүр болды, олардың дені әйелдер мен балалар. Пана іздеген босқындар Алеппо провинциясының солтүстігіндегі "Сирияның Демократиялық күштерінің" бақылауындағы аумақтарға бет алған.

Халықаралық Human Rights Watch ұйымы мен БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссариатының дерегінше, Азаз төңірегіндегі аймақта содырлардың шабуылынан кейін бас сауғалаған 165 мыңға жуық босқын жүр.

XS
SM
MD
LG