Ссылки доступа

Тәжікстанда ондаған оқушы шыбынға қарсы құралдан уланып қалған


Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі Шамсиддин Шохин ауданы Ходжагалтон қышлағындағы №3 мектептің елуден астам оқушының шыбынға қарсы құралдан уланып қалғанын растайды.

Елдің денсаулық сақтау вице-министрі Навруз Джафаров Орталық Азия жаңалықтар қызметіне 27 мамыр күні таңертен сыныпқа келген 52 оқушының шыбынға қарсы құралдан уланып қалғанын айтты. Кейбір балалар есінен танып, құлап қалған. Енді бірі тұншығып қалған.

Джафаровтың сөзінше, уланған балаларды жергілікті ауруханаға жатқызған. Балалар өздеріне келгеннен кейін, дәрігер денсаулықтарына қауіп жоқ деп үйлеріне қайтарған. Ауруханада 7 оқушы қалған. Бірақ 28 мамырда оларды да шығарған.

"Жергілікті билік мектепті шыбынға және масаға қарсы химиялық құралмен тазалаған. Сосын есік, терезелердің бәрін жауып тастаған", -дейді министрдің орынбасары. Оның айтуынша, бұл құрал улы зат шығарады, сондықтан таңертең мектепке келген балалар бірден нашар сезінген.

Кулябтың эпидемиологиялық орталығының директоры Саид Аламов бұл ауданда да шыбынға қарсы құралдан 75 оқушының уланғанын айтады.

Онда Суфиён Файзабад ауданындағы мектептің 11 оқушысы естерінен танып қалған. Кейбірі Душанбеде емді жалғастырып жатыр.

XS
SM
MD
LG