Ссылки доступа

Дәрігерлер Олимпиаданы Рио-де-Жанейрода өткізбеуді сұрайды


"Біз Риодан Ойындардан бас тартуға болмайды, бұл өте маңызды деген көңіл-күйге қарамастан, Бразилияда таралып жатқан Зика індетінің адам өміріне өте қауіпті екенін ескерткіміз келеді. Бұл вирус бұрын-соңды ғалымдар зерттеуінде болмаған. Олимпиада ойындарынан кейін әлем бойынша 500 мыңнан астам шетелдік туристің аталған індетті жұқтыру қауіпі өте зор"- делінген хатта.

ДДСҰ өкілдері де мәлімдеме жасаған. Онда Ойындарды кейінгі қалдыру немесе мүлдем болдырмау Зика індетінің таралуына әсер етпейді делінген.

Жазғы Олимпиадалық ойындар Рио-де-Жанейрода тамыз айының 5-21 аралығында өтеді. Рио Зика індетінің эпицентрі болып табылады. Бұл вирусты жұқтырған жүкті әйелдің баласының ақыл-есі кем, бас сүйектері кішкентай болып туылады екен.


XS
SM
MD
LG