Ссылки доступа

Тәжікстан: жеті имам-хатибтың істері сотқа жіберілді


Тәжікстанда Соғди облысының орталық және қоғамдық мешіттерінің жеті имам-хатибтың істері сотқа жіберілген. Оларға елде тыйым салынған "Ағайынды-мұсылмандар" ұйымының идеологиясын насихаттаған деген айып тағылып отыр.

2016 жылдың наурыз айынан бері тергеу абақтысында отырған жеті діни қызметкерге де Тәжікстанның Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша, тыйым салынған ұйымға мүше болған деген айып тағылған. Аталған бапта, таяуда енгізілген түзетулерге сәйкес, тыйым салынған экстремистік ұйымдарға мүше болғаны үшін 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тәжікстанда "Ағайынды-мұсылмандар" тобының қызметіне 2006 жылы тыйым салынған. Алайда осыған дейін бұл ұйымның мүшелерінің жауапқа тартылғаны сирек болатын. "Ағайынды-мұсылмандар" - халықаралық діни-саяси ұйым 1928 жылы Египетте құрылған. Бұл ұйым көптеген елдерде террористік топ ретінде тіркеліп, қызметіне тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG