Ссылки доступа

Ауғанстанда "Талибан" содырлары автобустағы 16 жолаушыны өлтірді


Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша "Талибан" содырлары Ауғанстанның солтүстігінде бірнеше автобустың жолаушыларын күшпен алып шығып, кемінде 16 адамды өлтірген және ондаған адамды кепілге алған.

Қанды оқиға туралы Құндыз провинциясы губернаторының баспасөз хатшысы мәлімдеді.

Құндыздағы полиция командирі Шир Азиз Камавал өлгендер саны 17 адам болды деп санайды.

Түрлі есеп бойынша 40 мыңнан 60 мыңға дейін жасағы бар "Талибан" радикалды қозғалысы НАТО-ның Ауғанстандағы әскери миссиясы аяқталғалы бері өзіне бағынышты аумақтардың көлемін едәуір ұлғайтқан.

XS
SM
MD
LG