Ссылки доступа

Өзбекстаннан келген күтуші танымал өнертапқышты жәбірлеп келген деп айыпталады (видео)


Ресейде Мәскеу облысының тергеу комитеті танымал өнертапқыштың күтушісі болған Насиба А. деген Өзбекстан азаматшасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол бір жыл бойында күтіміндегі өнертапқышты қорлап, жәбірлеп келген.

Соттың шешімімен Өзбекстан азаматшасы Насиба А. 30 мамырда қамауға алынды. Оған қатысты Ресейдің Қылмыстық кодексінің 2-тарау, 117-бабы ("Азаптау") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мәскеу облысы жөніндегі тергеу комитетінің өкілі Ольга Врадий "Зейнеткер-мүгедекке қарап, күтім жасауға тиіс әйел жүйелі түрде оны ұрып, жәбірлеп, қорқытып келген. Тергеу барысында әйел кінәсін жартылай мойындады. Тергеу ісі жүріп жатыр", – деп хабарлайды.

Насиба А. өткен жылы Альцгеймер және Паркинсон ауруымен ауыратын 76 жастағы танымал ресейлік инженер-өнертапқыш Владимир Бруверге қараушы ретінде жұмысқа алынған. Өнертапқыштың қызы Инна Сладкова жаңа күтуші пайда болғаннан бері әкесінің жағдайы нашарлап кеткенін, оның денелерінде, әсіресе басында көгерген, қанталаған іздер байқаған. Оның үстіне Владимир Брувер 45 килоға жүдеп кеткен.

Егер сотта Насиба А.-ның қылмысы дәлелденетін болса, оны 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

XS
SM
MD
LG