Ссылки доступа

Атамбаев: ЕАЭО аясында қолдан жасалған қиындықтар бар


Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) қызметінде белгілі нәтижелер мен табыстар бар, бірақ қолдан жасалып отырған проблемалар да жоқ емес. Осылай деп Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Астанада өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшыларының отырысында мәлімдеді.

"Қырғызстанның Еуразиялық интергацияны қолдап, ЕАЭО-ға кіру жөнінде келісімге қол қойғанына тура бір жыл өтті. Интеграцияның қырғыз-қазақ шекарасынан кедендік бақылаудың алынып тасталуы, Ресейде және ЕАЭО-ның өзге елдерінде мигранттардың жағдайы жақсарғаны секілді оң нәтижелерге қарамастан, бірнеше проблемаларды атап өткім келеді. Бұлар теміржол тарифін біріңғай сәйкестендіру, қырғыз картобын Қазақстанға әкелуге шектеу қою, қырғыз-қазақ шекарасында ветеринарлық бақылауды және Ресей және өзге аймақтарға тауар транзитін алып тастау", - деді Атамбаев.

Қырғыз президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путинге мәселені қысқа мерзімде шешуге уәде бергені үшін алғысын жеткізді.

ЕАЭО лидерлері интеграция келешегін тереңдету жөнінде, атап айтқанда газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын құруды талқылады, шетелдермен және аймақтық интеграциялық бірлестіктермен сауда-экономикалық байланысты кеңейту жөнінде пікір алмасты.

XS
SM
MD
LG