Ссылки доступа

"Отставкаға" үндегені үшін Тәжікстан тұрғыны түрмеге жабылды


Душанбенің Исмоили Сомони аудандық соты үкімді өткен аптаның соңында шығарған. Бірақ ақпарат құралдарына енді жария болды.

Тәжікстанның Хатлон облысы Кабадиян ауданының Х.С.Д. есімді тұрғыны үстіміздегі жылдың қаңтар айында еңбек миграциясынан оралғаннан кейін, "жария түрде экстремистік үндеу жасады" және "экстремистік қауымдастыққа мүше болды" деген айыппен тұтқынға алынған.

Сот шешімінде Х.С.Д. 2014 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласындағы "Группа 24" ұйымына кірген және Тәжікстан билігіне қарсы Эмомали Рахмонның отставкасын талап еткен акцияға қатысты делінген. "Х.С.Д. Екатеринбургтегі "Стрела" кинотеатрында "Группа 24" экстремистік ұйымының жиналысына қатысқан. Осы жиында бірнеше адам сөз сөйлеп, қатысушыларды еліне оралып, билікті басып алу үшін митинг ұйымдастыруға шақырған. Сөз сөйлегендер Тәжікстан Республикасы басшылығы жөнінде теріс пікірлер айтып, "Отставка", "Отставка", "Отставка Эмомали Рахмон" деп айқайлаған. Оның ішінде Х.С.Д. өзге тәжік мигранттарымен бірге "Отставка", "Отставка", "Отставка деп айқайлаған", - деп жазылған сот шешімінде.

Құқық қорғаушылардың есебі бойынша, қазіргі уақытқа дейін Тәжікстанда 2014 жылдың қазан айында Жоғарғы соттың шешімімен тыйым салынған "Группа 24" ұйымына мүше болған 20 адам сотталған.

XS
SM
MD
LG