Ссылки доступа

АҚШ "Еуро-2016" кезінде теракті болу қаупін ескертеді


Құрама Штаттар азаматтарына Францияда өтетін футбол біріншілігі кезінде Еуропада террористік актілер болу қаупін ескертеді.

"Біз америкалықтарға Еуропада үлкен шараларда, туристер көп жүретін жерлерде, коммерциялық орындарда, көліктерде терактілердің болу қаупі зор екенін ескерткіміз келеді", - деп мәлімдеді сейсенбі күні мемлекеттік департаментте. Ескертудің күші тамыз айына дейін күшінде болатыны айтылған.

"Еуро-2016" Парижде 10 маусымда басталады. Франция астанасына екі миллионға жуық жанкүйер келеді деп отыр. Парижде өткен жылы 13 қарашада болған терактіден 130 адам қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG