Ссылки доступа

Президентті сотқа берген белсенді өзіне қысым жасалу мүмкіндігін айтады


Исмаилова Азаттыққа ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне шақырылғанын хабарлады.

Оған сәрсенбі күні тергеуші қоңырау соғып, мекемеге келуін сұраған. Бірақ құқық қорғаушы ресми шақырусыз бармаймын деген.

"Ресми мемлекеттік құрылым ретінде олар ресми шақыру қағазын жіберуі тиіс. Мен олардан заңның нормаларын орындауды талап еттім", — деп түсіндіреді Исмаилова.

Ол арнайы қызметтің шақыруын кәсіби қызметімен байланыстырады. Себебі президент Алмазбек Атамбаевтың айыптауынан кейін, сол сөздерін дәлелдеуді талап етіп, акцияға қатысқан.

Алдын Қырғызстан президенті құқық қорғаушы Толекан Исмаилова мен Азиза Абдирасулованы елге іріткі салып отыр деп айыптаған. Белсенділер осы сөздері үшін мемлекет басшысын сотқа берген.

XS
SM
MD
LG