Ссылки доступа

АҚШ Конгресі делегациясы Қырғызстанға келді


Делегация Қырғызстанның Жогорку Кенешіндегі әріптестерімен және үкімет мүшелерімен кездеседі деп күтіледі. Қонақтар АҚШ пен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі бірқатар бағдарламалармен танысады.

Бішкекке келген конгресмендер Конгрестің демократиялық әріптестік комиссиясының өкілдері. Олар парламент қызметкерлерін және мүшелеріне семинар өткізетін ұйымдармен жұмыс істейді. Сонымен бірге заң шығаруды қадағалау, бюджетті талдау, комитеттермен жұмыс істеу, сайлаушылармен қарым-қатынас және кітапханалық, зерттеу жүргізу қызметтеріне материалдық көмек көрсетеді.

Делегацияның құрамында Питер Роскам, Дэвид Прайс, Эндрю Креншоу, Сьюзан Дэвис, Джим МакДермотт, Тим Мерфи, Джерри Коннолли және Дина Титус секілді конгресмендер бар.

XS
SM
MD
LG