Ссылки доступа

Ресей: Донбасқа ЕҚЫҰ қарулы миссиясын кіргізуге келісім берілген жоқ


Мәскеу Донбасқа ЕҚЫҰ-ның қарулы күштерін орналастыруға келісім бермеді. Осылай деп Ресей сыртқы істер министрлігі хабарлады деп жазады "Интерфакс". "Бұл мәселені талқылау үшін арнайы тәртіп бар. Бірінші кезекте бұл байланыстырушы топ Минскіде жиналу керек", – деп атап өткен министрлік.

Алдын "Интерфакс" Украинаның президент әкімшілігінің басшысы орынбасары Константин Елисеевке сілтеме жасап, "норманд үлгісі" келіссөзі кезінде ресейлік тарап Донбасқа ЕҚЫҰ әскерін кіргізуге келісім берді деп хабарлаған. Украина әкімшілігінің ресми сайтында бұл мәселе жөнінде ақпарат берілмеген.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров таяуда Украинаның шығысындағы қауіпсіздікті халықаралық күштермен қамтамасыз ету Минск келісімінде қарастырылмағанын мәлімдеп, Донбас ешқашан бұған жол бермейді деген еді.

XS
SM
MD
LG