Ссылки доступа

ЕО Грузия азаматтары үшін визасыз жүйе енгізуді кейінге қалдырды


Еуропалық одақ елшілері Брюссельде Грузия азаматтарына визасыз жүйе енгізуді талқылады. Бірақ Германия мен Францияның қарсы болуына байланысты шешім қабылданбаған. Олар бұл мәселеге келесі аптада 14 маусымда Украинаға визасыз жүйе енгізуді талқылау кезінде қайта оралуы мүмкін деп хабарлайды ЕО өкілдері.

Талқылауға қатысқан еуропалық дипломаттың бірі бұл мүлдем тоқтату деген сөз емес, бізге сақтық керек деген.

Еуропа миграция мәселесін шешуге көмек көрсету үшін Түркияға визасыз режим енгізуге уәде берген. Ал Украина мен Грузия азаматтарына визасыз жүйе енгізуді қарастыру Ресейдің геосаяси агрессиясынан туындаған. Косово болса Батыс Балкан елдеріндегі визасыз режиге енетін соңғы ел болады. Бұл ел 1990 жылдағы соғыстан кейін енді қалпына келе бастады.

XS
SM
MD
LG