Ссылки доступа

Алматыда 200 тұрғын баспанасыз қалуы мүмкін


Әкімдіктің мәліметінше, "Алғабастағы" 1/136 үйдің биіктігі 32 метрге жетеді. Үй батыс бағытқа қарай қисайған. Үйде 72 пәтер бар. Үйдің бас мердігері - "НСК Астана Құрылыс" компаниясы. Үй "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша кезекте тұрған азаматтарға берілген.

1 маусым күні кешке үйден 200 тұрғын шығарылып, үйді салған компания есебінен қонақүйлерге орналастырылған. Үй полиция мен төтенше жағдай қызметі тарапынан күзетіліп тұр. Оқиға орнында өрт сөндіру, жедел жәрдем, газ қызметі қызметкерлері бар.

Қазір жедел комиссия құрылып, үйдің жай-күйін кешенді бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Комиссия құрамына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау қызметі, Алматы қалалық қала құрылысы және сәулет басқармасы, прокуратура, ішкі істер департаменті және басқа құзырлы органдар өкілдері кірген. Комиссия үйдің жантаю себептерін 3 маусым күні сағат 15-ке дейін анықтамақ.


XS
SM
MD
LG