Ссылки доступа

Centerra Gold Inc халықаралық арбитражда Қырғызстан үкіметімен соттаспақ


Қырғызстанның мемлекеттік экотехинспекциясы Centerra Gold Inc компаниясының еншілес кәсіпорны "Құмтөр Голд Компани" ЖАҚ-қа қарсы экологияға залал келтірді деп, 7 миллиард сом өтемақы талап етіп, аудандық сотқа төрт шағым түсірген. Ал Centerra Gold Inc болса халықаралық арбитражға арызданған.

Мемлекеттік инспекция Құмтөрде қазу жұмыстарын жалғастыруға рұқсат ететін құжат беруден бас тартып, 1 шілдеден бастап, алтын өндіру лицензиясын қайтарып алатынын да айтқан.

Алдын тергеу тобы "Құмтөр Голд Компанидың" Бішкектегі кеңсесін тексеріп, барлық қаржылық құжаттарын тәркілеген.

Даулы мәселеге қатысты премьер-министрдің баспасөз хатшысы Чингиз Эсенгулов "Үкімет барлық акционерлердің пайдасы үшін Құмтөр төңірегіндегі дауға қатысты келіссөз жүргізуден бас тарпайды. Қырғыз тарабы компанияның тазалығына, экологиялық проблемаларды дер кезінде шешулеріне ықыласты. Үкіметтің барлық әрекеті мемлекет пен тұрғындардың пайдасы үшін жасалынып отыр", -деп мәлімдеген.

Сарапшылар болса, Бішкек халықаралық арбитражда жеңілуі мүмкін деп болжайды.

XS
SM
MD
LG