Ссылки доступа

Риодағы Олимпиадаға тағы да екі тәжікстандық спортшы барады


Комроншох Устопириён
Комроншох Устопириён

Халықаралық дзюдо федерациясы тәжікстандық екі балуан Комроншох Устопириён мен Мухаммадмурод Абдурахмонов биыл Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды деп хабарлайды.

Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында әлемдік олимпиадалық рейтинг бойынша, Комроншох Устопириён әлемнің 278 дзюдошының ішінде 11-орында (1292 ұпай) екенін жазған.

​Екінші тәжікстандық спортшы Мухаммадмурод Абдурахмонов әлемдік олимпиадалық рейтинг бойынша, 100 келі салмақтан жоғары 188 балуанның ішінде 48-орынға (377 ұпай) шығып, олимпиада ойындарына жолдама алған.

Рио-де-Жанейрода барлығы 386 дзюдошы қатысады. Олардың ішінде 161-і ер және 105-і әйел.

Еске сала кетейік, Олимпиада-2016 ойындарына тәжікстандық спортшылардың арасында бірінші жолдаманы танымал спортшы Дилшод Назаров жеңіп алған. Осылайша, әзірге Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына Тәжікстаннан үш спортшы қатысады.

XS
SM
MD
LG