Ссылки доступа

Бішкекте ТМД елдері үкімет басшылары кездеседі


Қырғызстан астанасында 7 маусымда ТМД үкімет басшыларының кеңесі өтеді. Бішкекке бірінші болып Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев келді.

Медведев сонымен бірге Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездеседі. Кеңес отырысы кезінде 22 мәселе талқыланады деп күтіледі және 7 құжатқа қол қойылмақ.

СІМ өкілі Айымкан Кулукееваның сөзінше, электр энергиясы нысандарындағы апат жөнінде ақпарат алмасу, білім саласындағы ынтымақтастық, радиоактивті бұлақ көздерін ауыстыру мәселесі жөніндегі ақпараттық әрекеттерді талқылайды.

Ол қол қойылуға жоспарланған құжаттардың ішінде Агробиоәртүрлілікті сақтау жөніндегі Конвенция, Мемлекеттік сатып алуды реттеу тәртібі жөніндегі хаттама бар екенін айтты.

СІМ мәліметі бойынша, ТМД елдері үкімет басшыларының Кеңесіне Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан, Молдова және Ресейдің премьер-министрлері қатысады.

Үкімет басшыларының орынбасары деңгейінде Әзірбайжан министрлер кабинетінің бірінші орынбасары, Армения вице-премьері, Түркіменстан министрлер кабинетінің төраға орынбасары, Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, Украина елшісі мен ТМД атқару комитетінің төрағасы келеді деп күтіледі.

ТМД елдері үкімет басшыларының Кеңесі кезінде Қырғызстан астанасында көлік қозғалысына шектеу қойылады.


XS
SM
MD
LG