Ссылки доступа

Швейцарлықтар "ауадағы ақшаға" қарсы шықты


Швейцарияда 5 маусымда елдің барлық тұрғындары үшін жәрдемақыға кепілдік берілетін "шартсыз негізгі кіріс" мәселесіне байланысты референдум өтті. Әлеуметтік сұрау нәтижесі бойынша, дауыс бергендердің төрттен үші бұл бастамаға қарсы болған.

Кепілдендірілген кірісті енгізуде әрібір азаматқа айында үлкендер үшін 2,5 мың швейцар франкы (2260 еуро немесе шамамен 847 мың 500 теңге) және балалар үшін 625 франк (565 еуро немесе 211 мың 875 теңге) төлеу қарастырылған.

Кепілдендірілген кірісті жақтаушылар бұл адамдарды мағынасыз ауыр еңбектен арылуға және шығармашылық мақсатта мәнді өмір сүруге мүмкіндік береді дейді.

Ал сыншылар болса, "ауадан ақша беру" идеясы мемлекеттік бюджетке соққы болады әрі бұл адамдардың еңбекке деген құштарлығын әлсіретеді деген пікірде. Швейцария үкіметі бұл бастаманы қаржыландыру үшін салықты көбейтетінін ескерткен.

Швейцария – аталған тақырыпқа референдум өткізген әлемдегі бірінші ел. Аталған бастама Финляндия, Канада, Австралия және басқа елдерле талқыланып жатыр.

XS
SM
MD
LG