Ссылки доступа

Танымал кәсіпкерге билікті басып алмақ болды деген айып тағылды


Оның сөзінше, тергеушілерде Төлешовтің бұған дейін билікті күшпен басып алудың дайындығын жасағаны, ал өткен жылдан бастап нақты шараларын жүргізгені туралы мәлімет бар. "Ол елдегі жағдайды шиеленіс ошақтарын құру, наразылық акциялары мен жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру арқылы шайқалтуды жоспарлаған" дейді Карасев.

ҰҚК өкілінің айтуынша, Төлешовтің "бұл жоспары әлдеқайда ерте іске асырылатын болған". Бірақ тұтқындалуына байланысты ол кейінге шегерілген. Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда қалаларында болған жер реформасына қарсы акцияларға Төлешовтің қатысы бар деген Карасев бұл іс бойынша бұрынғы бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталғанын айтты. Ұсталғандар арасында бас прокурордың бұрынғы орынбасары Ілияс Бақтыбаев, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Сәкен Айтбеков және тағы басқалары бар. Қазір оларды бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр.

"Шымкент сыра" компаниясының иесі Тоқтар Төлешов Шымкентте қаңтардың соңында арнайы операция барысында ұсталған. Астананың Алматы аудандық 2-соты 1 ақпанда Төлешовті қамауға алу туралы санкция шығарған. Төлешов қылмыстық кодекстің 266-бабы ("қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу") және 297-бабы ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша күдікті деп танылған.

XS
SM
MD
LG