Ссылки доступа

"Единая Россия" партиясының рейтінгісі төмендегені байқалады


"Левада-центр" орталығының 27–30 мамырда жүргізген сауалнамасында, "Единая Россия" партиясының рейтінгісі төмендегені айтылған. Осы уақыт аралығында сұрауға қатысқандардың тек 35 пайызы ғана партияға дауыс беруге дайын екендіктерін айтқан. Бұл жыл бойында көрсетілген көрсеткіштен әлдеқайда төмен деп атап өтеді РБК. Сәуір айында сауалнамаға қатысқандардың 42 пайызы билік партиясын қолдайтынын білдірген.

"Левада-центрдің" директор орынбасары Алексей Гражданкин партия рейтингісінің түсуін беделінің құлдырауы деп есептеуге болмайтынын, маусым айында жүргізілетін сауалнамада бұл сұрақты тағы қайталайтынын айтады. Әлеуметтанушы қазіргі көрсеткіш "кездейсоқтық" болуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG