Ссылки доступа

Шойгу Қазақстан мен Түркіменстанда қауіпсіздік мәселесін талқылайды


Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу аймақтық қауіпсіздік және экстремизмге қарсы тұру мәселесін талқылау үшін Қазақстан мен Түркіменстанға кетті деп жазады "Коммерсантъ".

Астанада Шойгу Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесіп, Ақтөбеде орын алған қарулы шабуылдан кейін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында ынтымақтатықты талқылайды. Шойгу Ашхабадқа 8 маусымда барып, Түркіменстан әскери ведомства басшысы Яйлым Бердиевпен көрші Ауғанстандағы "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы күресті талқыламақ.

Мәскеу Ашхабадқа көлемі 700 шақырым ауған-түркімен шекарасындағы қорғанысты бірігіп күшейту мәселесін ұсынбақ.

Шойгудың 2012 жылы қорғаныс министрі болғалы бері Түркіменстанға бірінші сапары.

XS
SM
MD
LG