Ссылки доступа

Мәскеуде Ленин ескерткіші бассыз қалды (видео)


Ресей астанасы Мәскеудің орталығындағы Владимир Ленин ескерткішіне зақым келтірген факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Осылай деп Ресейдің ішкі істер министрлігі хабарлайды.

"Мүсінді бұзғаны үшін Мәскеуде Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша (вандализм) қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлайды Ресейдің ІІМ ресми өкілі Ирина Волк.

7 маусымда 10:30 шамасында полицияға Мәскеудегі Климашкин көшесіндегі мүсіннің қиратылғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері белгісіз екеудің мүсінді орнынан тайдырғанын анықтаған.

XS
SM
MD
LG