Ссылки доступа

Хиллари Клинтон сайлауға түсуге қажетті дауысты жинады


АҚШ-тағы президент сайлауына Демократиялық партия атынан түсу үшін күресіп жатқан бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон партия съезінде делегаттардың қажетті дауысын жинады.

Associated Press агенттігінің есебі бойынша, өткен жексенбіде Пуэрто-Рикода болған праймеризді есепке алғанда Клинтонда 2383 дауыс бар, оның 571-і "суперделегаттардың" дауыстары.

Клинтонның Вермонт штатындағы қарсыласы сенатор Берни Сандерс жеңімпазды анықтау әлі ерте екенін айтады. Ол шілдеде өтетін демократтардың съезінде белгілі болатын номинация үшін соңына дейін күресетінін мәлімдеді.

Республикалық партия атынан лидерлікті миллиардер Дональд Трамп сақтап келеді.


XS
SM
MD
LG