Ссылки доступа

БҰҰ Тәжікстандағы Ислам партиясы жетекшілерін босатуға шақырады


БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы билік өзінің әрекетін экстремизм мен терроризмнен қауіп деп ақталады, бірақ оппозиция мен діни жетекшілерге қарсы қатаң әрі қисынсыз әрекет жасау қоғамды одан сайын радикалдандыра түседі дейді.

Тәжікстанның Жоғары соты өткен аптада ТИЖП-тың екі жетекшісін өмір бойы түрме жазасына кесті. Партияның қалған он екі жетекшісін 2 жылдан 28 жылға дейін бас бостандықтарынан айырды. Олар билікті басып алмақ болды деп айыпталған, былтыр қыркүйек айында арнайы операция кезінде өлтірілген генерал, қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзодаға қатысы бар деп айыпталады.

БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Дэвид Кайе Тәжікстан билігінен оларды босатуға шақырды.

Дэвида Кайе үндеуін БҰҰ-ның еркін жиналу жөніндегі арнайы баяндамашысы Майна Киаи мен аталған ұйымның діни сенім-бостандығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Хайнер Билефельдт те қолдады.

XS
SM
MD
LG