Ссылки доступа

Өзбек милиционерлері кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталады


Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 2016 жылдың 13 маусымында милиция қызметкерлері Сырдария облысы Гүлістан ауданындағы "Юлдуз" қорғанында кәсіби колледжде 2-курс оқитын кәмелетке толмаған Д.А. есімді қызды зорлаған. Айыпталушылар сот үкімі шыққанға дейін қамауға алынған.

"Озодлик" радиосының (Азаттықтың өзбек қызметі) ішкі істер департаментіндегі дереккөздің мәліметінше, айыпталушылардың екеуі — милиция офицері, қалған біреуі — қатардағы қызметкер.

– Әдетте зорланған қыз немесе әйел өзіне жәбір көрсеткен ер адамға тұрмысқа шығады. Мұндай оқиғалар өте көп. Ал бұл оқиғаға байланысты іс басқаша болады. Бұл қылмысқа байланысты тек Баявут ауданы ғана емес, Сырдария облысының басшылары да жауапқа тартылатын болады, – дейді дереккөз.

Қылмыстары дәлелденген жағдайда құқық қорғау органдарының үш қызметкері 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Бұл Өзбекстан қыздарына қатысты қоғамға жария болған бірінші оқиға емес. Былтыр тамыз айында Қарақалпақстанда милиция қызметкерлері зорлаған қыз өзіне қол жұмсап, өлмек болған. Алайда жергілікті дәрігерлер қызды аман алып қалған.

XS
SM
MD
LG