Ссылки доступа

Қазақстанда бүгін – Ақтөбедегі шабуыл құрбандарын аза тұту күні


Қаралы күнде мемлекеттік мекемелердегі тулар төмен түсіріледі, телеарналар мен радиоарналарда күні бойына ойын-сауықтық, көңілашар бағдарламалар, жарнамалар көрсетілмейді.

5 маусымда Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан барлығы 21 адам мерт болды. Олардың 13-і - шабуыл жасады деген күдіктілер, 8-і - бейбіт тұрғын. Қазақстан билігі шабуыл жасағандар "радикалдық діни топ жақтастары болуы мүмкін" деген болжам айтады. Бұған дейін Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті жеті күдіктіге іздеу жариялаған.

Мұның алдында Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні 2013 жылдың 31 қаңтарында болған. Алматы түбінде ұшақ апатынан экипаждың 5 мүшесі мен 16 жолаушысы қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG