Ссылки доступа

Пәкістанда анасы қызын тірідей өртеп жіберген


Пәкістанда қызын тірідей өртеп жіберген Парвин Рафик қамауға алынды. Ол мұндай қадамға қызының ата-анасының рұқсатынсыз сүйген жігітіне тұрмысқа шығып кеткендіктен барғандығы айтылады.

Полиция мәліметінше, оқиға 8 маусымда Лахор қаласында орын алған. Анасы сол күні ұсталған.

Пәкістандық полиция өкілі Шейх Хаммад Ахтардың хабарлауынша, Парвин Рафик 18 жастағы қызы Зинаттың үстіне бензин құйып, жағып жібергенін мойындаған.

Пәкістанда әйел адамды қорлау кеңінен тараған. Жыл сайын бұл елде "отбасының ары үшін" деп мыңдаған әйелдер өлтіріледі.

Былтыр Пәкістанда 19 жастағы Мария Бибі өзінен жасы екі есеге үлкен ер адамға тұрмысқа шығудан бас тартқаны үшін үстіне бензин құйылып, қорлыққа тап болған.


XS
SM
MD
LG