Ссылки доступа

Барак Обама Хиллари Клинтон кандидатурасын ресми түрде қолдады


Бейсенбі күні жарияланған үгіт-насихат бейне баянында Обама ел президенттігіне дәл осында кәсіби дайындалған үмкіткерді ешқашан көрмегенін айтқан.

Бірінші сайлау - праймериз - барысында Клинтон алдағы шілде айында президенттікке үміткерді таңдайтын Демократиялық партияның ұлттық съезіне қатысатын делегаттардың қажетті қолдауына ие болды. Клинтон АҚШ тарихындағы президенттікке үміткер бірінші әйел адам болуы мүмкін.

Алайда оның басты қарсыласы сенатор Берни Сандерс съезге дейін жарыстан шығудан бас тартты. Ол бұл туралы бейсенбі күні Барак Обамамен жеке кездесуінде айтқан. Ол әзірге миллиардер Дональд Трамп алда келе жатқан республикашыл партияға қарсы тұру үшін, демократтарды күш біріктіруге шақырған.

XS
SM
MD
LG