Ссылки доступа

Сирияда қоршаудағы қалаға азық-түлік жеткізілді


Қала тұрғыны хабарлағанындай, халық тамақ тиелген көлікті күтпеген. Себебі уәдеге сенуден қалған деп хабарлайды Франс Пресс. Мұнан басқа тұрғындар үйлерінен шығып, топ болып жиналуға қорқады.

Сириядағы Қызыл Крест және Жарты Ай халықаралық қозғалысы өкілінің айтуынша, жеткізілген азық-түлік Дарайя тұрғындарына бір айға жетеді.

БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистура ел үкіметі 600 мың адам тұратын 19 қоршалған ауданға гуманитарлық көмек жіберуге келіскенін хабарлаған еді.

Мамыр айында гуманитарлық көлік келісімге қарамастан, Дарайя қаласына кіре алмаған.

XS
SM
MD
LG