Ссылки доступа

ТМД елдерінен 30 террористік ұяшық анықталған


Астанада бейсенбі күні ЕАТ-тың XXIV-пленарлы отырысы өтті. Оған Қазақстанның Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Бас прокуратура, ІІМ және СІМ өкілдері мен Үндістан, Иран, Қытай, Ресей елдерінің арнайы мамандары қатысқан.

"Біз қазір жұмыс істеп жатқан методика бойынша, ТМД елдерінен 30 халықаралық ұяшықты анықтадық. Ондаған адамдар белгілі болды. Оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды, жұмыстар әлі жүріп жатыр", — деді Чиханчин.

Ұйымның құрамына Белоруссия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Бақылаушылар мәртебесі 15 елге және 18 халықаралық, аймақтық ұйымдарға берілген.

XS
SM
MD
LG