Ссылки доступа

Бүгін Францияда футболдан Еуропа біріншілігі басталады


Футболдан Еуропа чемпионатын Франция мен Румыния құрамалары ашады. Ойын Париждің "Стад де Франс" стадионында өтеді. Дәл осы жерде 10 шілдеде ойынның жабылу рәсімі болады.

"Еуро-2016" турниріне бірінші рет 24 елдің ұлттық құрамасы қатысады. Олар алты топқа бөлінген.

"Еуро-2016" турниріне әлемнің әр елінен екі миллионға жуық жанкүйер келеді деп күтіледі. Былтыр 13 қарашада 130 адамның өмірін жалмаған Париждегі терактіден кейін Еуропаның көптеген елдері қауіпсіздік мәселесінен үрейленеді.

Алдын Франция президенті Франсуа Олланд футболдан Еуропа біріншілі кезінде террористік шабуылдар болуы мүмкін екендігін мәлімдеген. Франсуз радиосына сұхбат берген президент футбол ойындары өтетін 10 қаланы күзету үшін қауіпсіздік қызметтің 90 мың сарбазын жұмылдырылғанын айтқан. Франция сонымен бірге теракті болған жағдайда жедел ақпарат тарататын мобилді қосымша шығарғанын да хабарлаған.

XS
SM
MD
LG