Ссылки доступа

Азаматтардың өтінішін елемеген тәжік шенеуніктері жауапқа тартылатын болады


Тәжікстан парламенті азаматтардың өтініш-арыздарын елемеген мемлекеттік құрылым өкілдерін жасауапқа тарту жөніндегі жаңа заң қабылдады. 1996 жылы қабылданған ескі заңда шенеуніктерді жауап тарту қарастырылмаған.

Тәжікстан Бас прокурорының орынбасары Вали Ваххобов Озодиға (Азаттықтың тәжік қызметі) жаңа заңның мақсаты азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, олардың арыз-шағымдарына шенеуніктердің дер кезінде жауап беруін қамтамасыз ету екенін айтады.

Жаңа заңға сәйкес, азаматтардың БАҚ арқылы, телефон, электронды пошта арқылы үкіметке үндеуі ресми мәртебеге ие болады. Шенеуніктер бұдан былай заңда көрсетілген уақытта жауап берулері тиіс.

Тәжікстанның Қылмыстық кодексі азаматтардың шағымдарын елемеген шенеуніктерге 20-дан 32 мың сомони айыппұл немесе 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген.

XS
SM
MD
LG