Ссылки доступа

Обама Орландодағы қанды оқиғаны теракті деп атады


АҚШ президенті Барак Обама Орландо қаласындағы (Флорида штаты) түнгі гей-клубта 50 адамның өлтірілуін "террорлық акті" және "жеккөрушілік актісі" деп атады. Обама сонымен бірге бұл барлық америкалықтарға жасалған шабуыл деп мәлімдеді.

Сенбіден жексенбіге қараған түні Орландо қаласының түнгі гей-клубында қаруланған шабуылдан 50 адам мерт болып, 53 адам жарақат алып ауруханаға жатқызылған.

Полиция қылмыскердің жақсы қаруланғанын айтады. Шабуыл жасаушы ер адамның қолында мылтық, тапанша, жарылғыш заттар болған. Шамамен түнгі екілер шамасында клубтың ішінде оқ жаудырған, одан кейін сыртқа шығып, шұғыл полиция жасағымен атысқан. Сосын қайтадан ішке кіріп, 30 адамды кепілдікке алған. Олардың бәрі босатылған. Шабуыл жасаған адам мерт болған. Кепілдегі адамдарды босату үшін бронетранспортёр қолданылған.

Қылмыскердің аты-жөні — Омар Седик Матин, 29 жаста. Ол "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына адал екенін мәлімдеген. Алайда полиция оның алдын жиһадшылармен байланысы болғаны туралы ақпарат болмағанын айтады.

​Бұл соңғы жылдары Орландода болған ең үлкен қанды шабуыл. Осыған дейін Флорида шатында 2007 жылы Virginia Tech университетінің кампусында ұрыс орын алып, 32 адам қайтыс болған және Коннектикуттегі Sandy Hook мектебінде жасалған шабуылдан 27 адамның өмірі қиылған еді.

XS
SM
MD
LG