Ссылки доступа

Мәскеуде Украина елшілігіне белсенділер жұмыртқа лақтырған (видео)


​Мәскеуде 200-ге тарта адам Украина елшілігі алдында акция ұйымдастырды. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, белсенділер антиукраиналық ұрандар айтып, елшілік ғимаратына жұмыртқа лақтырған.

Акция 20 минөттен астам уақытқа созылған. Қатысушылар арасында ұсталғандар болмаған. Олардың Одессада украиналық белсенділердің әрекеттеріне қарсы жауап ретінде акция ұйымдастырғаны айтылады.

Алдын бір топ украиналық белсенділер Одессада Ресейдің бас консулдығында Ресей күнінің атап өтілуіне қарсылық танытып ғимараттың кіреберісін жауып тастаған. Белсенділер консулдық ғимаратына жұмыртқа мен картоп лақтырған. Полиция қатысушыларды ұстамаған.

XS
SM
MD
LG