Ссылки доступа

Ақтөбеде жазғы лагерлер жұмысын бастады


Ақтөбе қаласының іргесінде жалпы саны алты жазғы демалыс лагері бар. Осы демалыс орындарының тек біреуін - "Достық" лагерін мемлекет қаржыландырады. Қалғандары жекеменшікте. Меншік түріне қарамастан террористік қауіп деңгейі "қызыл" болған кезде бұл лагердің бір де біреуі жұмыс істеген жоқ.

Жас туристер станциясына қарасты "Достық" лагерінің алғашқы маусымына 140 оқушы жазылып қойған. Бірақ лагерь террорға қарсы операцияларға орай 6 маусым күні жұмысын бастай алмаған.

- Лагерді 15 маусым күні ашамыз. Биыл да балалар жылдағыдай 12 күн тынығады деп жоспарлап отырмыз. Жұмыс тоғыз күнге кеш басталғандықтан маусымдар кестесі ығысады, - дейді Ақтөбе қалалық жас туристер станциясының директоры Жасұлан Жанайдаров.

XS
SM
MD
LG