Ссылки доступа

Қырғызстанда интернет-басылымның журналисін ҰҚМК шақырған


Kloop.kg сайтының редакторы Эльдияр Арыкбаевты Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) шақырған. Бұл жөнінде журналистің өзі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазады.

"ҰҚМК өкілінің сөзінше, біздің сайтта КТРК арнасында талқыланған ЛГБТ мен бір жынысты неке туралы тақырыпқа қатысты жарияланған мақалаға қатысты екен. Әлдекім бұл тақырыпқа ашуланып, арыз жазған екен. Қызық естіледі ия? Тергеуші де арыз түскен соң, қарауға міндетті екендіктерін айтты да кетті", - деп жазған Kloop.kg сайтының редакторы.

"Заңгермен бірге барамыз. Егер мен үшін алаңдайтын болсаңыздар, бос уақыттарыңыз болса, сіздер де келіңіздер, сіздерге хабарлап отырамын", - деген Арыкбаев.

XS
SM
MD
LG