Ссылки доступа

Тәжікстанда тасбақалар жойылып кету алдында тұр


Аталған комитеттің өкілі Абдукодирхон Маскаев Озоди радиосына (Азаттықтың тәжік қызметі) мұндай шешім Биология институты мен Паразитология академиясының ұсынысы бойынша қабылданғанын айтты. "Бізде тасбақаның нақты көлемі жайында мәлімет жоқ. Оны Ғылым академиясы жүргізеді. Олардың сұрауы бойынша, тасбақаны Қызыл кітапқа енгіздік", - дейді ол.

Маскаевтің сөзінше, аталған бауырмен жорғалаушының азаюының түрлі себептері бар. Олардың бірі – ауыл шаруашылығы жұмыстары. "Мысалы, егінді орып жатқан кезде немесе жерді игеру барысында тасбақалардың жұмыртқалары жойылып кетуі мүмкін", - дейді ол.

Соңғы кездері тәжік сайттарынан "Тасбақа сатып аламыз. Біреуін 40 сомониға» деген жарнаманы көптен кездестіруге болады.

Алдын Тәжікстанның Кеден қызметі тасбақаларды контрабандамен Қытайға жөнелтілетіні жөнінде бірнеше рет айтқан. Қытайда тасбақа етінен жасалған сорпа ең көп сұранысқа ие.

XS
SM
MD
LG