Ссылки доступа

Франция билігі: Париж түбінде полиция мен оның әйелін өлтіру теракті


Францияның ішкі істер министрі Бернар Казенев дүйсенбі күні түнде Париж түбінде тәртіп қызметкері мен оның әйелін өлтіру "ашықтан-ашық террористік акті" болып саналады деп мәлімдеді.

Полиция учаскесінің басшы орынбасары қаза тапқан. Оның әйелі де полицияда жұмыс істеген.

Шабуыл жасаған Ляросси Аббалла екені анықталған. Ол осыған дейін теракті ұйымдастыратын топпен байланысы бар деген айыппен үш жылға сотталған. Түрмеде ол тек жарты жыл ғана отырған.

Тергеу ісіне жақын дереккөз шабуылдаушының "Ислам мемлекеті" террористік ұйымымен байланысы болғанын айтады.

XS
SM
MD
LG