Ссылки доступа

Тәліптер қаупі тәжік пен ауған арасындағы жүк тасымалын азайтты


Көптеген тәжік және ауған жүргізушілері Құндыздан Тәжікстан шекарасына дейінгі бағытта қауіп-қатердің артуына байланысты жол шығудан бас тартқан. 31 мамырда тәліптер Құндыз жолында 16 жолаушыны өлтіргеннен кейін, тәжік жүргізушілерін қауіпсіздік мәселесі алаңдатады.

Қорған төбе - Құндыз бағытындағы тасжолда ұрлық-қарлық және тәжік жүргізушілерін өлтіру оқиғалары жиілеп кеткеннен кейін Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы жүк тасымалы 60 пайызға қысқарған.

"Үш ай бұрын Тәжікстан мен Ауғанстан арасында күніне шамамен 50 жүк көлігі жүріп отыратын. Қазір бұл сан күніне 15-17 көлікке қысқарды. Егер жүргізушілердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмесе, мұндай жағдай қайталана береді", -дейді Ауғанстандағы Құндыз бекетінің басшысы Шахобиддин Бовар.

Тәжік билігі де Ауғанстан аумағымен жүк тасымалының қысқаруын тәліптердің шабуылымен байланыстырады. Тәжікстанның Кеден қызметі өкілінің сөзінше, соңғы үш айда Ауғанстаннан келетін жүк көлемі 48 мың тоннаға қысқарған.

Ауғанстан арқылы Тәжікстан аумағына Пәкістан мен Иранның теңіз портынан жүк тасымалданады.

XS
SM
MD
LG