Ссылки доступа

Мәжіліс Жер кодексіне енгізілген түзетулерді уақытша тоқтатуды мақұлдады


"Нақтылап айтқанда, бұл ҚР 2015 жылдың 2 қарашасындағы "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының нормаларын жүзеге асыру; Екіншісі, шетелдіктерге ұсыну, азаматтығы жоқтарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сонымен қатар жарғылық капиталында 50 пайыздан аса үлесі шетелдіктердің меншігіндегі заңды тұлғаларға, ауыл шаруашылық жер учаскелерін жалға алу шартымен ұсынуға. Үшінші норма мемлекеттің меншігіндегі ауыл шаруашылығындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығына беруді уақытша тоқтату", - деді ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.

Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді. 24 сәуірде Атырау қаласында "жер мәселесіне" қатысты өткен алғашқы ірі шеруден кейін Қазақстанның өзге де бірнеше қаласында көпшіліктің қатысуымен наразылық акциялары өтті. Осы шерулерден соң Қазақстан президенті жер кодексіндегі шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерін жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзарту туралы даулы баптарға жыл соңына дейін мораторий жариялады. Үкімет жанынан жер реформасын қоғаммен талқылайтын комиссия құрылды.

XS
SM
MD
LG