Ссылки доступа

Барак Обама Трамптың мұсылмандарға қатысты ұстанымын сынға алды


Дональд Трамптың АҚШ-қа және одақтастарына қарсы террористік акті жасаған мұсылмандарды елге кіргізуге мүлдем тыйым салып, ислам елдерінен иммиграцияны тоқтату керек деген үндеуіне жауап берген президент Барак Обама мұндай идеялар америкалық құндылыққа қарама-қайшы келеді деді.

АҚШ президенті Барак Обама сейсенбі күні Республикалық партия атынан президенттікке ықтимал кандидат Дональд Трамптың мұсылмандарға қатысты мәлімдемесіне "ол үшін американың қауіпсіздігін ойлаудан гөрі саяси әдепті болу әлдеқайда маңызды" деді.

"Мен президент болған жеті жарым жыл ішінде "радикалды ислам" терминін қолданбай, стратегиямызды жүргізіп келе жатырмыз. Басқа термин қолдану арқылы біз қауіптен қаша алмаймыз", - деп атап өтті президент Обама. Ол Дональд Трамптың мәлімдемесі террористер үшін "отқа май құйғандай" тиімді болады деді.

"Бұл олардың насихаты, осы арқылы олар қатарына адам жинайды. Егер біз қақпанға түсіп, мұсылмандарды басқаша сипаттасақ, біз соғыс жағдайында қаламыз, біз террористерге жағдай жасап береміз"- деді Барак Обама.

Трамптың мәлімдемесіне Республикалық партияның Конгресстегі өкілі, спикер Пол Райан да қарсы шықты. "Мен мұсылмандарға елге кіруге тыйым салу, біздің пайдамызға шешіледі деп ойламаймын. Мұндай қадам біздің елдің мүддесіне сәйкес келеді деп ойламаймын",- деп атап өтті Пол Райан.

Дүйсенбі күні Дональд Трамп Орландодағы гей-клубта 50 адам қаза тапқан террористік актіге пікірін білдіріп, мұсылмандарды америкаға кіргізуге тыйым салу керек деген.


XS
SM
MD
LG