Ссылки доступа

Социал-демократ лидері Тәжікстан президентінен елдегі шиеленісті бәсеңдетуге шақырды


Тәжікстанның социал-демократиялық партиясының төрағасы Ұлттық бірлік күні қарсаңында президент Эмомали Рахмонға үндеу жасап, елдегі жағдайды өзгертуге шақырды.

15 маусымда жарияланған тәжіктің социал-демократтар лидерінің үндеуінде қазіргі жағдайда Тәжікстан геополитикалық, әсіресе ішкі саясаттағы шиеленісті бәсеңдетуді қажет етеді делінген.

Партия төрағасы Рахматилло Зоиров Тәжікстанның басты игілігі тәжік халқы арасындағы бейбітшілік және Ұлттық бірлік күнін атап өту болған. Бүгінде мұндай мереке жоқ деп атап өткен.

Сол себептен социал-демократиялық партияның жетекшісі Тәжікстан президентінен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында рақымшылық жасауды сұрап, Демократиялық партияның бұрынғы лидері Махмадрузи Искандаровті, экс-министр Зайд Саидовты, адвокаттар Бузургмехр Ёров пен Шухрат Кудратовті және Ислам партиясы жетекшілерін босатуға шақырды. Оның сөзінше, олар қылмыс жасамаған.

27 маусымда Тәжікстан Ұлттық бірлік күнін атап өтеді. 1997 жылы аталған күні Тәжікстан үкіметі мен Біріккен тәжік оппозициясы бейбіт келісімге қол қойған. Бұл келісім Тәжікстанда бес жылға созылған азаматтық соғысты тоқтатқан еді.

XS
SM
MD
LG