Ссылки доступа

ОҚО-да шегірткені залалсыздандыру кезінде 12 адам уланған


"Егінін шегіртке жеп қойған шаруаларға өтемақы төлене ме, төленбей ме – ол әлі белгісіз" дейді басқарма басшысы.

Ал облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау бөлімінің басшысы Темірхан Уәлиханұлы "шегірткені залалсыздандыру кезінде 12 адам уланып, ауруханаға түсті" деп хабарлады. Оның айтуынша, зиянкестерді залалсыздандыру ісімен айналысқан 12 маманның арасында "улы химикаттар кесірінен ауруханаға түсіп, созылмалы ауруларға шалдыққандары да бар".

Темірхан Уәлиханұлы шаруалар шегірткеден зиян көре қоймағанын айтады.

"Егінімізді жеп қойды деген шаруалар аса бір экономикалық зиян шеккен жоқ. Екіншіден, аса қауіпті зиянкестердің ордасына егін егеді. Қолдарында мемлекеттік актісі жоқ" дейді ол.

Оңтүстік Қазақстан облысында сәуірдің соңынан бастап шегіртке қаптай бастаған.

XS
SM
MD
LG